Accessibility links

Лавров: Қырым мен Донбастағы орыстарды тастау - неміске Ленинградты бергенмен тең


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Қырым мен Донбастағы орыстарды қалдыру, екінші дүниежүзілік соғысы кезінде немістерге Ленинградты бергенмен пара-пар" деп мәлімдеген.

"Территория смыслов на Клязьме" деген тақырыппен өткен кремльшіл жастар форумына қатысушылардың сұрақтарына берген жауабында Лавров "әскери іс-қимылға шақырмаймын, бірақ, егер ұлт екеніміз рас болса, біз елеусіз қалдыра алмайтын нәрселер барын айтқым келеді" деген. Ол "Киевте төңкеріс жасаған нацистердің қолына Қырымды беріп қою қылмыс болар еді" деген пікір білдірген.

"Донбаста соғыс жүріп жатқан жоқ, тек бітім бұзылып отыр" дей келе Ресей сыртқы істер министрі "жаңадан бомбалап, оқ атумен... біз бұл проблеманы шеше алмаймыз" деп мәлімдеген. Оның бұл айтқанына қатысты әлеуметтік желіде пікір білдірушілер "осылайша Лавров Украинаның шығысын Ресейдің бомбалап, оқ атқанын мойындады" деп жазып жатыр.

Батыс қауымдастығы Ресейдің 2014 жылғы көктемде Қырымды аннексиялап алуын айыптайды. АҚШ жақында Ресейге қарсы экономикалық санкцияларын күшейткен. Сонымен бірге Еуропа Одағының Ресейге қарсы салған санкциялары да күшінде.

XS
SM
MD
LG