Accessibility links

Трамп Венесуэлаға әскери қысым жасалуы ықтимал екенін ескертті


Венесуэлада билік күштері мен наразылар арасындағы қақтығыстардың бірі. Каракас, 30 шілде 2017 жыл.
Венесуэлада билік күштері мен наразылар арасындағы қақтығыстардың бірі. Каракас, 30 шілде 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Венесуэладағы жағдайға әскер араласуы ықтимал екенін ескертті. Соңғы күндері Венесуэлада зорлық-зомбылық оқиғалары көбейген деп хабарлайды Reuters. Төрт айдың ішінде елдегі қақтығыстар мен зорлық-зомбылық құрбандарының саны 120 адамнан асқан.

Венесуэла парламенті президент Николас Мадуро заң шығаратын орган ретінде жаңадан құрған Кониституциялық Ассамблеяны мойындамайды. Венесуэлада адамдар қасірет шегіп, қазаға ұшырап жатқаны жайлы мәлімдеген АҚШ президенті Вашингтон түрлі "варианттарды", соның ішінде Каракасқа әскери қысым жасау мүмкіндігі де қарастырылатыны туралы ескерткен.

Журналистерге Пентагон өкілі Ақ үйден Венесуэлаға қатысты әзірше ешқандай бұйрық түспегені туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG