Accessibility links

Қазақстан әскерилері халықаралық жарыста екінші орын алды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздары "Тәртіп сақшысы" халықаралық әскери сайысында екінші орын алды деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews агенттігі.

Мәскеу түбіндегі Алабино полигонындағы байқау қарудан нысанаға дәл тигізу, кедергілерден өту, қызмет көлігімен жарысу және командалық жарыстан тұратын төрт кезең бойынша өткен.

"Тәртіп сақшысы" сайысы халықаралық армия ойындары аясында алғаш рет ұйымдастырылған.

XS
SM
MD
LG