Accessibility links

Сирияда "Ақ дулыға" тобының жеті дәрігерін өлтіріп кеткен


"Ақ дулыға" тобының қызметкерлері құтқару жұұмыстары кезінде. (Сурет 2016 жылы Идлиб провинциясында түсірілген.)
"Ақ дулыға" тобының қызметкерлері құтқару жұұмыстары кезінде. (Сурет 2016 жылы Идлиб провинциясында түсірілген.)

Сирияның солтүстік-батысында "Ақ дулыға" азаматтық қорғаныс тобының кеңсесіне жасалған шабуыл салдарынан осы топтың жеті дәрігері қаза тапқан. Шабуыл жасағандар кеңседегі жабдықтарды тонап, өздері қолған түсірген екі көлікке мініп із жасырған деп хабарлайды Associated Press.

"Ақ дулыға" тобының өкілінің мәлімдеуінше, шабуыл сенбі күні Сармин қаласында, қарулы оппозиция бақылайтын аймақта жасалған.

Ұлыбританияда орналасқан сириялық адам құқығы жағдайын бақылайтын орталықтың хабарлауынша, "Ақ дулыға" азаматтық қорғаныс тобының жеті қызметкерінің жансыз денелерін оларды алмастыруға келген басқа адамдар тауып алған. Дәрігерлердің айтуынша, әлдекімдер әріптестерін басынан атып өлтіріп кеткен.

Бұл қылмысқа қатысты жауапкершілікті әзірше ешкім мойнына алған жоқ. Идлиб провинциясындағы Сармин қаласында соңғы кезде үкіметке қарсы және бір-бірімен өш қарулы топтар арасында қақтығыстар болған.

XS
SM
MD
LG