Accessibility links

АҚШ: Пхеньян "арандатушы" әрекеттерін тоқтатуы керек


Дональд Трамп (слева) и Си Цзиньпин. Флорида, США, апрель, 2017 год.
Дональд Трамп (слева) и Си Цзиньпин. Флорида, США, апрель, 2017 год.

АҚШ Солтүстік Корея шиеленісті ушықтыратын "арандатушы" іс-әрекеттерін доғаруы керек деп мәлімдеді. Ақ үй бұл туралы мәлімдемесін тамыздың 12-і күні, АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай президенті Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін таратты. Пекин Вашингтонды Корей түбегіндегі онсыз да шиеленісті ахуалға теріс әсер етуі ықтимал"сөз бен іс-әрекетке" бармауға шақырған.

Екі елдің басшылары аталған аймақта ядролық қарудан бас тарту идеясын қолдайтындығын айтқан.

Жұма күні Трамп АҚШ армиясы Солтүстік Корея тарапынан жасалуы ықтимал "ойланбайған іс-әрекетке" қарсы "сақадай сай тұр" деп мәлімдеген еді. Бірақ кейін Нью-Джерсиде журналистер алдында сөйлеген сөзінде ол Вашингтонның мәселені бейбіт жолмен шешуге мүдделі екенін мәлімдеген.

Шілде айының өзінде екі рет баллистикалық зымыран сынақтарын өткізгені үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тамыздың 5-і күні Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейту туралы қарар қабылдаған. Өз зымырандары "ядролық оқтұмсықты АҚШ аумағына дейін жеткізе алаты" туралы мәлімдеген Пхеньян халықаралық қауымдастық талабына мойынсұнбай отыр.

XS
SM
MD
LG