Accessibility links

Трамп Шарлотсвилдегі қақтығыстан кейін елді бірлікке шақырды


Әсіре оңшылдар мен қарсыластарының қақтығысы. Шарлотсвилл, Виргиния, АҚШ, 12 тамыз 2017 жыл.
Әсіре оңшылдар мен қарсыластарының қақтығысы. Шарлотсвилл, Виргиния, АҚШ, 12 тамыз 2017 жыл.

АҚШ-тың Виргиния штатындағы Шарлотсвилл қаласында сенбіде болған қақтығыстардан кейін ел президенті Дональд Трамп халықты бірлікке шақырды. Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Трамп: "Біз барлығымыз бірігіп, өшпенділікті қоздыратын кез-келген әрекетті айыптауға тиіспіз. Амеркада зорлық-зомбылыққа орын жоқ. Бір кісідей бірге болайық!" деп жазған.

Тамыздың 12-і күні Шарлотсвилл қаласында шеру өткізуді жоспарлаған ақ нәсілділер үстемдігін жақтаушы әсіре оңшылдар мен қарсыластары арасында қақтығыстар болған. Шеруге қарсылар тобына бір автокөлік баса-көктеп кіріп кеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, бір кісі өліп, жиырма шақты адам жарақат алған. Полиция әлгі көлікті жүргізген 20 жастағы жігітті ұстағанын хабарлады.

Виргиниядағы көлікпен жасалған шабуыл туралы видео:

Виргинияда наразы адамдарды көлікпен таптап өтпек болды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:04 0:00

Сенбіде Виргиния штатының губернаторы АҚШ-та 1861-1865 жылдары болған азамат соғысы кезінде конфедераттар күшін басқарған генерал Роберт Лидің Шарлотсвилл қаласындағы ескерткішін алып тастау жоспарына қарсылық білдірген әсіре оңшылдарға митингі өткізуге бұған дейін берілген рұқсаттың күшін жойып, қаланың бірнеше ауданында төтенше жағдай енгізген. Губернатордың шешіміне жүздеген әсіре оңшыл белсенді мен қарсыластарының өзара қақтығысып, адамдардың зардап шегуі негіз болған.

Сонымен бірге сенбі күні Шарлотсвилл қаласындағы жағдайды әуеден бақылап жүрген тікұшақ құлап, екі полиция қызметкері қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG