Accessibility links

Солтүстік Корея түрмесінен босаған пастор Канадаға оралды


Канадалық пастор Хен Су Лим.

Солтүстік Корея билігі екі жылдан астам уақыт қамауда ұстап, жақында босатқан тегі корей пастор Хен Су Лим Канадаға оралды. Бұған дейін Солтүстік Корея мемлекеттік ақпарат агенттігі түрмеде пастордың денсаулығы нашарлағаннан кейін билік оған қайырымдылық танытып, қамаудан босатқаны туралы хабарлаған.

Солтүстік Корея жоғарғы соты 2015 жылғы желтоқсанда Хен Су Лимді "мемлекетке қарсы іс-әрекеті" үшін айыптап, оған өмірлік түрме жазасын кескен. Пастор "адамдарға Солтүстік Кореядан қашуға көмектескенін" көпшілік алдында мойындап, кешірім сұраған.

Сотталғанға дейін Хен Су Лим туыстары тұратын Солтүстік Кореяға гуманитарлық миссия қызметкері ретінде бірнеше рет барып жүрген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG