Accessibility links

Карла дель Понте: Башар Асадты соттау керек


Карла дель Понте.
Карла дель Понте.

Халықаралық прокурор Карла дель Понте Сириядағы қылмыстарды зерттеушілердің қолында президент Башар Асадты айыптауға жеткілікті дәлел бар деп мәлімдеген.

Руанда мен бұрынғы Югославиядағы әскери қылмыстарға қатысты жүргізген тергеуімен танымал болған Карла дель Понте өткен аптада БҰҰ-ның Сирия бойынша комиссиясы құрамынан шығатыны туралы мәлімдеген. Ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сириядағы әскери қылмыстарға жауаптыларды сотқа тарту үшін арнайы трибунал құрмағанына наразылық білдірген.

Карла дель Понтенің пікірі бойынша, Сирия президенті Башар Асад - әскери қылмыстары үшін сотқа тартылуы тиіс адамдардың бірі. БҰҰ комиссиясының қолында Башар Асадтың Сириядағы әскери қылмыстарға кінәлі екендігіне жеткілікті дәлел бар деп санайды Карла дель Понте. БҰҰ-ның Сирия бойынша әскери трибунал құрудан бас тартуына себеп болып отырған факторлардың бірі – Қауіпсіздік кеңесінде вето қою құқығына ие Ресейдің ұстанымы. Мәскеу Асад үкіметінің жақын одақтастарының бірі саналады.

XS
SM
MD
LG