Accessibility links

"Шекарасыз тілшілер" Әзербайжандағы Turan агенттігін қудалауды айыптады


Бакудің Сабай аудандық сот алдында тұрған адамдар. Әзербайжан, 12 мамыр 2017 жыл.
Бакудің Сабай аудандық сот алдында тұрған адамдар. Әзербайжан, 12 мамыр 2017 жыл.

"Шекарасыз тілшілер" халықаралық құқыққорғау ұйымы Әзербайжан үкіметін елдегі соңғы тәуелсіз ақпарат құралы саналатын Turan жаңалықтар агенттігін қуғындағаны үшін айыптады.

Turan агенттігінің тамыздың 11-і күні таратқан ақпаратында Әзербайжан билігі редакцияны 2014 жылғы табысының толық көлемін жасырып қалған деп айыптап, айыппұл және өзге де төлемдер ретінде 37 мың манат (20 мың доллар) төлеуді талап етіп отырғаны айтылған.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бөлімінің басшысы Джоханн Бир бұл сылтауды Әзербайжан үкіметін елде қалған соңғы тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралын қудалау үшін пайдаланып отыр деп мәлімдеген.

Turan агенттігі "табысты жасырған" деген айыппен келіспейтінін мәлімдеп, Баку қалалық экономикалық әкімшілік сотына жүгінген. Агенттіктің сотқа шағымында жақында жүргізілген аудиттің Turan редакциясының салық төлемі жайлы есебінде заң бұзушылық жоқ деген қорытындысын салық инспекциясы елеусіз қалдырып отырғаны айтылған.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымы Әзербайжан билігін Turan агенттігін қудалауды доғарып, оған салық заңдылығын бұзғаны туралы тағылған айыптарды алып тастауға шақырған.

XS
SM
MD
LG