Accessibility links

АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер Ақ үй шенеуніктерімен сөйлеспек


АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллер.
АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллер.

АҚШ-тағы президент сайлауына Ресейдің араласуына қатысты тергеуді басқаратын АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер Ақ үйдің қазіргі және бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктерімен кездесуге ниет танытып отырғаны хабарланды.

New York Times басылымының мәліметі бойынша, Мюллер қазір бірнеше адамға қатысты Ақ үймен келіссөз өткізіп жатыр. Мюллер сөйлесуге шақыруы ықтимал тұлғалардың арасында АҚШ президенті әкімшілігінің аппаратының экс-басшысы Райнс Прибус та бар деп хабарланды.

Арнайы прокурор АҚШ президенті Дональд Трамптың Джеймс Комиді федералдық тергеу бюросы (FBI) басшылығынан босатуының себептерін зерттеуге құлық танытып отыр. Арнайы прокуратура мен Ақ үй өкілдері бұл ақпаратқа қатысты әзірше түсініктеме берген жоқ.

Осыдан бірнеше күн бұрын өткен жылғы сайлау кезінде президенттікке кандидат Дональд Трамптың сайлауалды штабын басқарған Пол Манафорттың үйіне биылғы шілде айында тінту жүргізілгені туралы ақпарат тараған болатын.

XS
SM
MD
LG