Accessibility links

Трамп Шарлотсвилдегі қақтығысқа қатысқандарды айыптады


Полиция Шарлотсвилде жеңіл көлік топ адамды бұзып-жарып өткен орынды қоршап тұр. Вирджиния штаты, АҚШ, 13 тамыз 2017 жыл.
Полиция Шарлотсвилде жеңіл көлік топ адамды бұзып-жарып өткен орынды қоршап тұр. Вирджиния штаты, АҚШ, 13 тамыз 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Вирджиния штатының Шарлотсвилдегі қақтығысқа қатысқан экстремистерді айыптады деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз хатшысы

"Президент мәлімдемесінде зорлық-зомбылықтың, фанатизм мен өшпенділіктің барлық түрін айыптайтынын анық айтты. Әрине бұған ақ нәсілділерді өзгелерден артық санайтындар, ку-клус-клан, неонацистер мен барлық экстремистік топтар кіреді. Трамп барлық америкалықтарды бірігуге шақырды" делінген мәлімдемеде.

Президент Трамп сенбіде болған тәртіпсіздіктен кейін қақтығысқа қатысушыларды жария түрде айыптаған.

Тамыздың 12-сі күні Шарлотсвилл қаласында шеру өткізуді жоспарлаған ақ нәсілділер үстемдігін жақтаушы әсіре оңшылдар мен олардың қарсыластары арасында қақтығыстар болған. Шеруге қарсылар тобына бір көлік баса-көктеп кіріп кеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, бір кісі өліп, жиырма шақты адам жарақат алған. Полиция ол көліктің жүргізуші Огайо штатының тұрғыны, 20 жастағы Джеймс Алекс Филдсті ұстаған.

XS
SM
MD
LG