Accessibility links

БАҚ: Ирак Тегеран мен Эр-Рияд арасында арағайын болмақ


Абдолреза Рахмани Фазли, Иран ішкі істер министрі.
Абдолреза Рахмани Фазли, Иран ішкі істер министрі.

Ирак Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы шиеленісті бәсеңсітуде араағайын рөлін атқармақ деп хабарлады ирак және ирандық ақпарат құралдары.

Иранның жартылай ресми ISNA агенттігі мен Ирактың Alghadeer телеарнасының хабарлауынша, Ирак ішкі істерн министрі Касим әл-Арражи 13 тамызда Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мохаммад бин Салман Ирактан Эр-Рияд пен Тегеран арасындағы шиеленісті реттеуге қатысуын сұрағанын мәлімдеген.

"Тыныштық пен тұрақтылықтың, Иран мен Сауд Арабиясы қарым-қатынасының қалпына келуінің тұтас аймақ үшін маңызы зор" деген Арражи 12 тамызда Тегеранға сапарынан соң.

Иран ішкі істер министрі Абдолреза Рахмани Фазли Тегеранның Сауд Арабиясымен қашан да жылы қарым-қатынас орнатқысы келгенін мәлімдеді.

"Иран саясаты аймақтағы елдермен тиімді ынтымақтастық орнатуды көздейді және Тегеран басқалармен қарым-қатынасын ешқашан бірінші болып нашарлатпаған" деді Абдолреза Рахмани Фазли.

Сауд Арабиясы бұл ақпаратқа қатысты ресми түрде комментарий берген жоқ.

Халқының басым көпшілігі сүннит Сауд Арабиясы мен шииттік Иран Таяу Шығыста ықпалын арттыру үшін ұзақ уақыттан бері бақталасып келеді.

Эр-Рияд Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын 2016 жылы қаңтарда, Тегеранда Сауд Арабиясында 47 адамға, оның ішінде шииттердің танымал діни қайраткеріне өлім жазасы орындалғанына наразы топ Сауд Арабиясының елшілігіне шабуылдаған соң үзген.

Иран президенті Хассан Роухани елшілікке шабуыл жасалғанын айыптап, Сауд Арабиясына келген шығынды өтейтінін мәлімдеген. Бірақ Эр-Рияд қарым-қатынасты қалпына келтіруден бас тартқан.

Роухани биыл мамырда президенттікке қайта сайланған соң екі қарым-қатынасты дұрыстау туралы Эр-Риядқа тағы қайырылған.

Тегеран мен Эр-Рияд арасындағы шиеленіс таяуда Сауд Арабиясы бастаған араб елдері Катарды терроризмді қаржыландырып, Иранмен тыс жақын байланыс орнатып отыр деп айыптап, онымен қарым-қатанасын үзген соң қайта күшейген.

Сауд Арабиясы АҚШ-пен одақтас Катар бұл айыптарды теріске шығарған.

XS
SM
MD
LG