Accessibility links

Алматыда журналист Мамайдың соты басталды


Жанболат Мамай сот залында отыр. Алматы, 14 тамыз 2017 жыл.
Жанболат Мамай сот залында отыр. Алматы, 14 тамыз 2017 жыл.

Алматыда қамаудағы оппозициялық журналист Жанболат Мамайдың үстінен сот тыңдауы басталды.

Медеу аудандық №2 сотында басталған процеске Жанболат Мамайдың әке-шешесі, жұбайы Инга Иманбай, жазушы Қабдеш Жұмаділов, оппозициялық саясаткерлер және журналисті қолдаған ондаған белсенді келді. Бірақ сотқа келгендер қарасы көп, сот залы шағын болғандықтан жиналғандардың барлығы сотқа кіре алмады.

Судья Дәурен Мәукеев сотта судья мен прокурорды суретке түсіруге рұқсат бермеді, ал сотталушы мен оның адвокаттарын суретке түсіруге тыйым салған жоқ.

Жанболат Мамайдың адвокаты адвокаттары Жанар Балғабаева мен Мадина Бакиева сотқа бірнеше өтініш түсірді. Адвокаттар судьядан сотты басқа үлкен залға өткізуді, Жанболат Мамайды сот процесі кезінде адвокаттарымен сөйлестіруге рұқсат беруді, Мамайды бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрады. Судья Дәурен Мәукеев Мамайдың ісі Медеу аудандық №2 сотындағы ең үлкен залда қаралып жатқанын айтып, бұдан үлкен зал жоғын жеткізді.

Жанболат Мамайдың сотынан жүргізілген тікелей трансляция:

"Трибуна. Саяси қалам" газеті бас редакторының міндетін атқарушы, 28 жастағы Жанболат Мамай 2017 жылы 10 ақпанда сот шешімімен екі айға қамалған. Тергеу тарабы "2009 жылдан бері Еуропада жүрген бұрынғы банкир және оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов БТА банкінен ұрланған ақшаның бір бөлігінің ізін Мамай басқаратын "Трибуна. Саяси қалам" газеті арқылы қаржылық операциялар жасап жасырған" деп күдіктенеді. Журналист бұл айыпты мойындамайды. Ал Мұхтар Әблязов бұл айыптауды "абсурд" деп атап, Мамаймен ешқашан кездеспегенін мәлімдеген.

Жанболат Мамай абақтыда өзін соққыға жыққаны туралы хабарлаған соң оны қорғау комитеті құрылған.

XS
SM
MD
LG