Accessibility links

Наразылықтан соң қосымша білім гранттары бөлінді


Білім және ғылым министрлігінен шығып келе жатқан түлектер. Астана, 12 тамыз 2017 жыл.
Білім және ғылым министрлігінен шығып келе жатқан түлектер. Астана, 12 тамыз 2017 жыл.

Білім және ғылым министрлігі негізгі білім гранттарына қосымша гранттар бөлді деп хабарлады ресми БАҚ. 14 тамызда қосымша білім грантына ие болғандардың жаңартылған тізімі жарияланды.

Министрлік білім гранттарының алғашқы тізімін 10 тамыз күні ресми сайтында жариялаған. Бірақ 11 тамызда Астанада грантқа ілінбеген талапкерлер мен олардың ата-аналары білім және ғылым министрлігінің алдына жиналып, наразылық танытқан. Талапкерлер өздерінен төмен балл алса да "Алтын белгі" иегерлерінің грантқа ілініп кеткеніне наразылық білдірген. Олар білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің бұған дейін "биылғы жылдың конкурсында "Алтын белгі" иегерлеріне артықшылық берілмейді" деген мәлімдемесін алға тартып, бұған қатысты түсінік беруді талап еткен.

"Білім және ғылым министрлігінің комиссиясы 2017 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімін қайта қарап, түзетулер енгізді. 10 тамыздағы тізімге ілінгендердің барлығының гранты сақталады. Қосымша гранттарға қатысты түзетулер енгізілді" делінген министрлік хабарламасында.

Бірақ қосымша қанша грант бөлінгені және оған қандай талапкерлер ие болғаны айтылмаған.

XS
SM
MD
LG