Accessibility links

Каспаров шахматқа қайта оралмақ


Гарри Каспаров, шахматтан бұрынғы әлем чемпионы.
Гарри Каспаров, шахматтан бұрынғы әлем чемпионы.

Шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Гарри Каспаров 12 жыл үзілістен соң шахматқа қайта оралмақ. 1985 жылдан 2000 жылға дейін кәсіби шахматта үздік болған Каспаров Миссури штатының Сент-Луси қаласында өтетін Sinquefieid жарысына рапид және блиц бойынша қатысады.

Турнир 14-19 тамыз аралығында өтеді. Оған шахмат әлеміндегі танымал тұлғалар, оның ішінде ресейлік Сергей Карикян да қатысады.

54 жастағы Каспаров Бакуде туған. Ол 2005 жылы Ресей президенті Владимир Путинге қарсы "Другая Россия" партиясын құрып, шахматты тастап кеткен. Мұның салдарынан Каспаров Ресейден кетіп, 2013 жылы Ресейге мүлдем оралмайтынын мәлімдеген. 2014 жылы ол Хорватия азаматтығын алған. Каспаров уақытының көбін Нью-Йоркте өткізеді.

Каспаров 13 тамызда Facebook-тегі жазбасында Сент-Луистегі жарыстан соң шахмат ойнау жоспары жоғын айтты. Ол жарысқа спорттағы мансабын қайтару үшін емес, шахматтан кеткеннен кейінгі бес күндік үзіліс екенін жазды.

XS
SM
MD
LG