Accessibility links

ЕАЭО елдерінің Ресей порттарын пайдалану жайы талқыланды


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев (сол жақта) пен Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев (сол жақта) пен Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Қазақстан үкіметі Ресейден Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдеріне теңіз порттары инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік беруді сұрағанын хабарлады. Бұл мәселе Астанада Hilton Garden қонақүйінде өтіп жатқан ЕАЭО-ға мүше елдер үкімет басшыларының Еуразия үкіметаралық кеңесі жиынында көтерілді.

Кездесуге Армения премьер-министрі Карен Карапетян, Беларусь премьер-министрі Андрей Кобяков, Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков және Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев және бес ел вице-премьерлері қатысып жатыр. Үкімет басшылары жиында ЕАЭО елдері территорияларында тасымалданатын таурады бақылау механизмдері туралы келісім жобасы, ЕАЭО елдеріне Қытайдан жеткізілетін тауарларды кедендік рәсімдеуді бақылау, одақ пен Иран арасында еркін сауда аймағын құру жөніндегі уақытша келісім жасасу бойынша келіссөз барысы жұмыстардың есебін тыңдады. Сонымен қатар кездесуде ЕАЭО елдері азаматтарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім жобасын дайындауды, одақ елдеріндегі әуе апаттарын тексеретін комиссия құру жайын талқылады.

XS
SM
MD
LG