Accessibility links

Грузияда Абхазия соғысы басталғанын еске алды


Георгия Маргвелашвили, Грузия президенті.
Георгия Маргвелашвили, Грузия президенті.

Грузияда 1992 жылы Абхазиядағы соғыстың басталғанына 25 жыл толғанын еске алып жатыр. Грузия билігінің жоғары шенді өкілдері соғыста қаза тапқандарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Президент Георгий Маргвелашвили 1992-1993 жылдардағы грузия-абхазия соғысын "ағайындылар бірін-бірі өлтірген соғыс" деп атап, соғыстың тұтануында Ресей саясаты кәдімгідей рөл атқарғанын мәлімдеді.

Георгий Маргвелашвили Абхазиядағы соғысты "елдің жаңа тарихындағы ең қайғылы жанжалдардың бірі" деп атады. "Қантөгіс он мыңдаған азаматымыздың - әскерилеріміз бен бейбіт тұрғындарымыздың өмірін жалмады" деген Маргвелашвили "жүздеген мың адамның босып кеткенін" еске салды.

Грузия президенті сонымен қатар Абхазия проблемасын тек бейбіт жолмен және "біртұтас, демократиялық мемлекет құру арқылы" ғана шешуге болатынын айтты.

Абхазиядағы соғыс 1992 жылы 14 тамызда бұрынғы Грузин ССР-і автономиясының территориясына "Грузия мемлекеттік кеңесінің" әскері кіргізілген соң басталды. Мемлекеттік кеңесті СССР-дің бұрынғы сыртқы істер миинстрі Эдуард Шеварднадзе басқарды. Шеварднадзе Абхазияға әскер соғыс "Грузияның территориялық тұтастығын сақтаудың жалғыз жолы болғандықтан" кіргізілгенін мәлімдеді. Шеварднадзенің сөзінше, Никита Хрущев Грузияның партия басшыларына "абхаздарды грузиндерге айтақтау қоятыны" туралы доқ көрсеткен.

XS
SM
MD
LG