Accessibility links

Париж маңында кафеге көлік соқтығып, бір адам мерт болды


Париж түбіндегі Септ-Сортс коммунасында жеңіл көлік басып кірген пиццерия маңында тұрған полиций қызметкерлері. Франция, 14 тамыз 2017 жыл.
Париж түбіндегі Септ-Сортс коммунасында жеңіл көлік басып кірген пиццерия маңында тұрған полиций қызметкерлері. Франция, 14 тамыз 2017 жыл.

Француз полициясы Парижден шығысқа қарай 55 километр қашықтықтағы Септ-Сортс коммунасында жеңіл көлік пицца сататын кафеге басып кіріп, 8 жастағы қыз қаза тапқанын хабарлады. Оқиға 14 тамыз күні кешке қарай болды. Қайғылы оқиғадан 12 адам жараланды.

Қауіпсіздік күштері кафеге соқтыққан көлік жүргізушісі - ер адам ұсталғанын айтады.

Франция ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Пьер-Генри Брандет жүргізушінің өз-өзіне қол жұмсамаққа әрекеттенген болуы мүмкін екенін және инциденттің терроризмге қатысы жоғын мәлімдеді. Полиция өкілі күдіктіде психологиялық ауытқушылық барын, бірақ бұрын полицияның есебінде тұрмағанын айтады.

Парижде 2015 жылы қарашада 130 адам қаза тапқан бірнеше шабуылдан соң Францияда төтенше жағдай жарияланған.

XS
SM
MD
LG