Accessibility links

АҚШ Қытайдың интеллектуалдық меншікті ұрлауын тексермек


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық көптеген компаниялар шағымданатын Қытай билігінің "америкалық интеллектуалдық меншіктерін ұрлауына дем беретін іс-қимылын тексеруді бастайтын жарлық шығарды.

АҚШ президенті әкімшілігінің халықаралық сауда мәселелері бойынша өкілі Роберт Лайтхайзер Пекиннің Қытайға өз өнімін экспорттағысы келетін америкалық фирмалар мен компанияларға Қытайда бірлескен кәсіпорын құрып, қытайлық серіктесіне технологиясын беруді талап ететін саясатының заңдылығын тексеру құқығына ие болды. Мұндай жағдайға америкалық General Motors және Microsoft сияқты корпорациялары тап болған. Қытайда жақында ғана қабылданған заң бойынша, америкалық фирмалар Қытай билігіне қолданушылардың жеке ақпараты мен технологиялық құпия мәліметтерге ие болуына жол ашатын бағдарламалық кодтарын беруге мәжбүр болмақ.

"Өзге мемлекеттің интеллектуалдық меншігімізді ұрлауы бізді жыл сайын миллиондаған жұмыс орны мен милиардтаған доллар қаржыдан қағады. Вашингтонның әрекетсіздігінен еліміз ұзақ уақыт бұл игіліктерден қағылып келді. Бірақ Вашингтон енді бұған көз жұма қарай алмайды" деп мәлімдеді Дональд Трамп.

Егер Қытайдың халықаралық сауда міндеттемелерін бұзғаны расталса онда АҚШ президентінің оған қарсы бірқатар жауап шараларын таңдуға мүмкіндігі бар. Кейбір есептеулер бойынша, АҚШ экономикасының 40 пайызын интеллеутуалдық меншікке негіздделген тауар мен қызмет көрсету құрайды. Қытай экономикада соңғы он жылда бұрын-соңды болмаған үлкен секіріс жасады және ол негізінен өзге елдердің технологиясын көшірудің арқасында жүзеге асты.

XS
SM
MD
LG