Accessibility links

Ливия әскери командирі Лавровпен және Шойгумен кездесті


Ливиялық әскери командир Халифа Хафтар (сол жақта) Ресей сыртқы істер министрі Сергей ларвопен кездесіп тұр. Мәскеу, 14 тамыз 2017 жыл.
Ливиялық әскери командир Халифа Хафтар (сол жақта) Ресей сыртқы істер министрі Сергей ларвопен кездесіп тұр. Мәскеу, 14 тамыз 2017 жыл.

Ливиялық ықпалды әскери командир Халифа Хафтар Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрімен және қорғаныс министрімен кездесті.

Ресей сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, министр Сергей Лавров 14 тамызда өткен кездесуде Мәскеу Хафтар мен Ливияның БҰҰ мойындаған үкіметінің премьер-министрі Файез әл-Саррадждың елдегі жанжалды бейбіт реттеу жөніндегі қызметін қолдайтынын айтқан.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу де бұл күні Хафтармен кездесіп, "Ливиядағы ахуалға байланысты Солтүстік Африкадағы жағдайдың дамуын" талқылаған.

Хафтар мен Саррадж өткен айда жаңа бейбіт бастамаға қатысты 10 пункттен тұратын бірлескен декларацияны мақұлдаған. Мұнайға бай Ливия 2011 жылы бұрынғы басшысы Муаммар Каддафи биліктен кетірілгеннен бері күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Аймақтық державалар билік үшін өзара қырқысып жатқан түрлі топтарды қолдайды. Саррадждың ұлттық келісім үкіметі Ливия астанасы Триполиде, ал оған қарсы, Хафтармен байланысы бар үкімет Ливияның шығысындағы Эль-Байда қаласында орналасқан.

Өзін-өзі жариялап алған Ливия ұлттық армиясын басқаратын Хафтар өткен жылы Мәскеуге екі рет барған.

XS
SM
MD
LG