Accessibility links

ЕО: Солтүстік Корея дағдарысын бейбіт шешу керек


Федерика Могерини, ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары.
Федерика Могерини, ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары.

Еуропа Одағы (ЕО) елдері Солтүстік Корея төңірегіндегі дағдарысты шешу үшін дипломатиялық күш-жігерді күшейтуге ниетті деп мәлімдеді ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини. ЕО комиссары бұл жайлы Брюссельде ЕО елдері тұрақты өкілдерінің Солтүстік Корея бойынша шұғыл жиынынан соң айтты.

Могеринидің сөзінше, ЕО Азия мен бүкіл әлем қауіпсіздігіне қатер төндіріп тұрған дағдарысты шешу үшін Солтүстік Кореяның халықаралық қауымдастықпен диалог орнатуына көмек көрсетуге әзір.

ЕО сонымен қатар Пхеньянды бұдан ары да арандататын іс-қимылдар жасаудан бас тартуға шақырды. Могеринидің сөзінше, бұлай болмаса Брюссель Пхеньянға қарсы жаңа санкция салуы мүмкін.

Солтүстік Корея соңғы апталарда бірнеше рет баллистикалық зымырандар сынаған. Пхеньянның мәлімдеуінше, ол зымырандар АҚШ территориясына жете алады. АҚШ президенті Дональд Трамп Пхеньянға егер доқ көрсетуін тоқтатпаса "отты қаһармен" жауап беретінін ескерткен. 5 тамызда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянның зымыран сынағанына жауап ретінде Солтүстік Кореяға салынған санкцияны қатаңдатқан.

XS
SM
MD
LG