Accessibility links

Бішкек түрік лицейлерін Анкара қысымынан қорғап жатыр


Бішкектегі "Сапат" білім беру орталығы (Көрнекі сурет).

Қырғызстан білім және ғылым министрлігі Түркия білім министрінің орынбасары Орхан Эрдемнің "Сапат" мектептерін террорлық ұйымға теңеген мәлімдемесін "Қырғызстанға жасалған қысым және "Сапат" білім беру мекемесінің беделін түсіруге тырысу" деп бағалады.

Министрлік баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде түрік шенеунігінің "Сапат" мектебін террористік ұйымдарға теңеуін қабылдауға келмейді деп, оның мәлімдесесін "жауапсыздық" деп атады.

"Сапат" жалпы білім беру мектебінің жүйесі Қырғызстанда 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді. "Осы жылдар аралығында он мыңдаған азамат лайықты білім алды. Түрік тілі мен мәдениетін жеткілікті деңгейде меңгеріп шықты. Бұлар Қырғызстан мен Түркия арасын байланыстыратын маңызды буын" делінген министрлік таратқан мәлімдемеде.

Жергілікті БАҚ түрік дереккөздеріне сілтеме жасап, Түркия білім министрінің орынбасары Орхан Эрдемнің "Сапат" лицейінің түлектерін Түркияға жібермеу жөніндегі ұсынысын жариялаған.

2017 жылдың сәуір айында "Себат" білім беру жүйесі "Сапат" болып өзгерді. Бұл білім беру мекемелерін ислам дін қайраткері, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қарсыласы Фетхуллах Гюленнің қозғалысымен байланыстырады. Ресми Анкара Фетхулла Гүленді 2016 жылы шілдеде іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырды деп айыптайды. Бірақ Гүлен оны жоққа шығарады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG