Accessibility links

Ирак армиясы Талль-Афар қаласын бомбалай бастады


Мосул маңында ИМ содырларына әуеден шабуылдап жүрген Ирак армиясының тікұшағы. Наурыз 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Мосул маңында ИМ содырларына әуеден шабуылдап жүрген Ирак армиясының тікұшағы. Наурыз 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Ирак армиясы Найнав провинциясының Мосулдан батысқа қарай 80 километр қашықтықта орналасқан, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы содырларының бақылауындағы Талль-Афар қаласын бомбалай бастады.

Әуе шабуылдарының басталғанын 15 тамызда Ирактың "Әл-Самария" телеарнасы Ирак қорғаныс министрлігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады. Бомбалау Таль-Афарға құрлықтан шабуыл басталатынның алдында жасалып отыр.

Өзін-өзі жариялаған "Ислам халифаты" өткен айда, Ирак армиясы халифаттың астанасы деп жарияланған Мосул қаласын қайтадан бақылауына алған кезде іс жүзінде күйреген. Үкімет әскері содырлармен Мосулдың кіреберістерінде ұрысып жатыр.

200 мың халқы бар Талль-Афар ИМ басып алғанға дейін сүнниттер мен шииттер арасында діни жанжалдар болған. Қайшылық 2003 жылы АҚШ бастаған халықаралық коалиция Иракқа басып кріген соң күшейген. Қаладағы жергілікті дала командирлерінің кейбірі кейін содырлардың жоғары шенді жетекшілеріне айналған.

XS
SM
MD
LG