Accessibility links

ФСБ: Қырымда тағы бір "диверсант" ұсталды


ФСБ қызметкері "Қырымда диверсия жасамақ болды" деген күдікпен ұстаған украиналық Геннадий Лемешконы әкетіп барады. Симферополь, 15 тамыз 2017 жыл.
ФСБ қызметкері "Қырымда диверсия жасамақ болды" деген күдікпен ұстаған украиналық Геннадий Лемешконы әкетіп барады. Симферополь, 15 тамыз 2017 жыл.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) аннексиялап алған Қырымда "диверсия жасамақ болған" Геннадий Лемешко есімді Украина азаматы ұсталғанын хабарлады.

ФСБ-ның мәлімдемесінде Лемешко 12 тамызда Судак - Новый Свет жолы бойындағы электр тарату желісін зақымдамақ болған. Арнайы қызмет ұсталған күдікті "Украина қауіпсіздік қызметінің агенті болған және Украина шығысындағы қақтығысқа қатысқан әскери бөлімде қызмет еткен дейді.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Лемешко екі айға қамалып, "кінәсін мойындаған".

Ресей құқық қорғау органдары бұған дейін де Қырымда "диверсант" Украина азаматтарын ұстаған. Өткен аптада Симферополь соты Украина азаматы Редван Сулеймановты "теракт дайындалып жатқаны туралы жалған хабар таратты" деп айыптап, бір жыл сегіз айға соттаған.

Сонымен қатар қырымдық Андрей Захтей мен Евгений Панов та қамауда отыр. Оларға шабуыл жасауды жоспарлады деген айып тағылған. Олар ұсталған соң азапталғанына және тергеу абақтысында өздеріне қатыгездікпен қарағанына шағымданған.

XS
SM
MD
LG