Accessibility links

Түркімен банктері шетелге ақша аударуды шектеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Ашхабад банктері жеке тұлғалардың PayPal, WebMoney, Yandex.Money және Wire transfer жүйелері арқылы ақша аудару және түркімен манатын шетел валютасына айырбастау жөніндегі өтініштерін қабылдамай жатыр" деп хабарлайды өз дереккөзіне сілтеме жасаған Азаттықтың Түркімен редакциясы.

Тамыз айының басында Түркіменстан Орталық банкі шетелге шықпастан халықаралық төлем карталарын пайдаланып жүрген, сонымен бірге интернет арқылы сауда жасап жүргендерге қарсы шара қолданып жатқандығы айтылған.

Азаттықтың Түркімен редакциясына түскен құжатқа сәйкес, түркімен билігі төлем карталары арқылы ақшаның шетелге кетіп жатқанына алаңдайды.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бері Түркіменстан Орталық банкінің бағамы бойынша 1 АҚШ доллары 3.5 манатқа тең. Бірақ "қара базарда" бір доллар 7 манат тұрады. Түркіменстанда валюта айырбастауға 2016 жылдан бері тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG