Accessibility links

Шымкентте "сарбаздар өліміне кінәлі" офицерді соттап жатыр


Әскері бөлім (Көрнекі сурет).
Әскері бөлім (Көрнекі сурет).

Шымкент гарнизонының әскери сотында жаттығу кезінде сарбаздардың қаза табуына айыпталған офицер сотталып жатыр.

Биыл 17 ақпанда Жамбыл облысының Көксай шатқалында 91678 әскери бөлімі сарбаздарының жоспарлы әскери жаттығуы кезінде қар көшкіні жүріп, жаттығуға қатысып жатқан 23 адамның 15-ін қар басып қалған еді. Сегіз адам құтқарылып, жеті адам қаза тапқан.

Жеті сарбаздың қазасына 91678 әскери бөлімінің штаб бастығы Бақыт Шойбеков жауапты деп танылған. Оған қызметіне салғырт қарады дегенайып тағылып, оның өз кінәсін мойнына алғаны хабарланған. Шойбеков сотта 17 ақпанда уақытша командир болып қалғанын және топтардағы оқу-жаттығуларды жүргізу тәртібін толық бақылауға мүмкіндігі болмағанын айтқан. Шойбеков кепілге босатылған.

Жергілікті Otyrar.kz сайтының хабарлауынша, Оңтүстік өңірінің әскери прокуроры Ермек Жаңатаев сотталушы жеке құрам сарбаздарының қазасы мен жаралануының алдын алу шараларын дер кезінде жасамағанын айтқан. Сарбаздар шатқалға шығардан бір күн бұрын тауда ауа-райының күрт нашарлайтыны туралы ескерту түскен.

Сот процесіне айыпталушының туыстары, қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары келді.

XS
SM
MD
LG