Accessibility links

Мәскеуде Алексей Улюкаевтің ісі қарала бастады


Алексей Улюкаев өзіне қарсы сот процесінде отыр. Мәскеу, 16 тамыз 2017 жыл.
Алексей Улюкаев өзіне қарсы сот процесінде отыр. Мәскеу, 16 тамыз 2017 жыл.

Мәскеудің Замоскворецк сотында сәрсенбі күні бұрынғы экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевтың ісі қарала бастады. Оған ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр. Бұл айыпқа қатысты 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.

Тергеу ісі бойынша, Улюкаев "Башнефть" компаниясын сатып алу ісі бойынша екі миллион доллар пара сұраған. Ол былтыр қараша айында "Роснефть" компаниясының кеңсесінде ұсталған. Улюкаев ісінде "Роснефть" басшысы Игорь Сечиннің де аты-жөні бар.

8 тамызда өткен алдын ала сот тыңдауында Улюкаев өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеген. Ол бұл істі "Арнайы қызметтің маған қарсы жасаған арандату әрекеттері" деген.

Сот сонымен бірге экс-министрді үйқамақта ұстауды келесі жылдың 27 қаңтарына дейін созды.

XS
SM
MD
LG