Accessibility links

Өзбекстан елшілігі Алматыдан Астанаға көшеді


Алматыдағы Өзбекстан елшілігі.
Алматыдағы Өзбекстан елшілігі.

Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі Алматыдан Астанаға көшеді. Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, елшілік отырған ғимаратқа Өзбекстанның бас консулдығы ашылады.

Ресми ақпаратта 15 тамызда Астанада жұмыс сапарымен барған Өзбекстан сыртқы істер министрінің орынбасары Саидикрам Ниязходжаев бастаған делегация Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен кездескені айтылады.

Өзбекстан делегациясы сонымен қатар Астанада өтіп жатқан халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне де барған.

XS
SM
MD
LG