Accessibility links

Бакуде тәуелсіз Turan агенттігі редакциясын тінтті


Бакудегі Turan агенттігі редакциясын тінтуге барған салық органы қыззметкерлері. Әзербайжан, 16 тамыз 2017 жыл.
Бакудегі Turan агенттігі редакциясын тінтуге барған салық органы қыззметкерлері. Әзербайжан, 16 тамыз 2017 жыл.

Бакуде 16 тамызда салық органы қызметкерлері әзербайжандық тәуелсіз Turan ақпарат агенттігінің кеңсесін тінтті. Азаттықтың Әзербайжан редакциясының хабарлауынша, салық министрлігінің салық қылмыстарының алдын алу департаментінің қызметкерлері агенттік редакциясын тінтіп, құжаттарын тәркілеген.

Салық қызметкерлері сонымен қатар агенттік қызметкерлерінің заттарын да тінткен және тінтуді видеоға түсіруге рұқсат бермеген.

Әзербайжан билігі 7 тамызда агенттікке қатысты "салық төлеуден жалтару" фактісі бойынша тергеу жүргізе бастаған. Тергеушілер агенттік 2015-2016 жылдар үшін 37000 манат (21500 доллар) салық төлеуі тиіс дейді.

Turan агенттігінің басшылығы айыптауды жоққа шығарып, тергеу саяси мақсатпен жасалып отыр дейді.

Turan агенттігі 1990 жылы құрылған. Агенттік әзербайжан, ағылшын және орыс тілдерінде хабар таратады және халықаралық жетекші агенттіктермен твғыз жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG