Accessibility links

Қырғызстанда президенттікке екінші кандидат тіркелді


Омурбек Бабанов, парламенттегі "Республика - Ата Журт" фракциясының жетекшісі.
Омурбек Бабанов, парламенттегі "Республика - Ата Журт" фракциясының жетекшісі.

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы елдің бұрынғы премьер-министрі, парламенттегі "Республика - Ата Журт" фракциясының жетекшісі Омурбек Бабановты президенттікке кандидат етіп тіркеп, куәлік берді. Саясаткер сайлау кепілдігі ретінде бір миллион сом төлеп, қырғыз тілінен емтихан тапсырған және өзін қолдайтын 107 мың адамның қолын жинаған.

Қырғызстанда президент сайлауына осымен екінші кандидат тіркелді. Бұған дейін президенттікке кандидат болып тағы бір экс-премьер, "Ак Шумкар" партиясының жетекшісі Темір Сариев тіркелген.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді. Сайлауға түсуге 59 адам өтініш білдірген.

Бұл күндері президент сайлауына түсуге өтініш білдіргендер кандидат болып тіркелу үшін қырғыз тілі бойынша емтихан тапсырып, қол жинап, кепілге ақша салып жатыр.

Оппозициялық саясаткер, "Ата Мекен" партиясының жетекшісі, коррупциялық айыппен ақпан айынан бері қамауда отырған Омурбек Текебаев та президент сайлауына түсуге өтініш білдіргенімен, оны тіл емтиханына жібермеді. 16 тамыз күні кешке Бішкектің Первомай аудандық соты Текебаевты "пара алды" деп айыптап, сегіз жылға соттаған. Текебаев өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, президент сайлауы алдында саяси қудалауға ұшырағанын айтады. Тергеу органдары қылмыстық істің нақты айғақтар негізінде қозғалғанын мәлімдеп келеді.

XS
SM
MD
LG