Accessibility links

Трамп Ақ үй жанындағы екі бизнес кеңесті таратты


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үй жанындағы кәсіпкерлікке арналған екі бірдей кеңесті тарқатты. Бұл құрамнан осыған дейін ірі кәсіпорындардың өкілдері, бірқатар республикашылдар шығып кеткен.

Президент өзінің твиттерінде "Бұл құрылымдарға қысым жасағанша, тарқатып жібергенім жақсы" деп жазған.

Өндіріс кеңесі мен стратегиялық форумның бірқатар мүшелері, олардың ішінде ірі бизнес өкілдері Трамптың Шарлотсвилдегі қақтығысқа байланысты мәлімдемесінен кейін отставкаға кетті. АҚШ президенті қақтығысқа әсіре оңшыл ұлтшылдар ғана емес, олардың қарсыластары да кінәлі деген.

NBC телеарнасындағы телешоуда Огайо штатының губернаторы, республикашыл Джон Касич АҚШ президенті "Ку-клукс-клан" секілді "өшпенділік топтарын" айыптауы керек еді деді. Трамптың мәлімдемесін Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй мен Германия канцлері Ангела Меркель де сынға алды.

Сәрсенбі күні Шарлотсвилде 32 жастағы Хизер Хейерді жерлеу рәсімі өтті. Ол 12 тамызда ақ нәсілділерді жақтаушы ұлтшыл қалың топты көлігімен қағып өткенде қаза тапқан. Қалада тәртіпсіздіктің ушығуына жергілікті биліктің конфедераттар генералы Роберт Лидің ескерткішін алып тастауға ақ нәсілділерді жақтаушы ұлтшылдар қарсы болып, митинг өткізуі себеп болды. Бұл митингке наразы болған нәсілшілдікке қарсылар да жиналып акция өткізген.

XS
SM
MD
LG