Accessibility links

АҚШ-тағы неонацистік сайт қайта ашылмай қалды


Шарлотсвилл қаласында қақтығыс болған орында тұрған полицейлер. Вирджиния, АҚШ, 13 тамыз 2017 жыл.
Шарлотсвилл қаласында қақтығыс болған орында тұрған полицейлер. Вирджиния, АҚШ, 13 тамыз 2017 жыл.

Америкалық неонацистік Dailystormer.com веб-сайты интернетте ресейлік доменмен екінші рет пайда болған соң, қайтадан ашылмай қалды. Daily Stormer осы аптаның басында Dailystromer.com доменіне Google және GoDaddy қызмет етуден бас тартқан соң оны бақылаудан шығарып алған.

Веб-сайт Шарлотсвилде ақ нәсілділердің артықшылығын жақтайтындар мен олардың қарсыластарының жиынында болған қақтығыста қаза тапқан әйел туралы жазба жариялаған соң әлеуметтік желілерде сайтқа қарсы кампания басталған. Домен тіркейтін Google және GoDaddy бұған жауап ретінде веб-сайтқа қызмет етуден бас тартқан. Daily Stormer сайты 15 тамызда жабылып қалған болатын, бірақ 16 тамыз күні таңертең Dailystormer.ru деген ресейлік доменмен қайтадан ашылған еді. 16 тамыз күні кешке сайт бұл доменмен де ашылмай қалды. Сайттың ресейлік доменмен не себепті ашылмай қалғаны белгісіз.

12 тамызда Шарлотсвилде әсіре оңшылдардың маршына қарсы шыққан топ адамды жеңіл көлік соғып, таптап өткенде 32 жастағы Хизер Хейер есімді әйел қайтыс болып, 19 адам жараланған. Жеңіл көлік жүргізушісі ұсталып, оған "кісі өлтірді" деген айып тағылған.

XS
SM
MD
LG