Байқоңыр ғарыш айлағынан 17 тамызда Ресейдің әскери спутнигі тіркелген ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды. Ресей қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған БАҚ-тың хабарлауынша, спутник "Ресей қорғаныс министрлігінің мүддесі тұрғысынан" ұшырылған және ол геостационарлық орбитада жұмыс істейді.
Зымыран тасығыш Астана уақыты бойынша сағат 4:07-де ұшырылды.
Биыл Байқоңырдан осымен екінші "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылып отыр. Биыл жыл басында "Роскосмос" сынақ кезінде "Протон" зымыран тасығыштарының екінші және үшінші басқыштарының қозғалтқыштарынан ақау табылған соң тексеру бастаған. Биылдыққа алғашқы "Протон" 8 маусымға ұшырылған.