Accessibility links

Киев "Пхеньянға көмектесу" ақпаратын тексермек


Украина президенті Петр Порошенконың (сол жақтан екінші) "Южмаш" зауытына барған кезі. Днепропетровск, 21 қазан 2014 жыл.
Украина президенті Петр Порошенконың (сол жақтан екінші) "Южмаш" зауытына барған кезі. Днепропетровск, 21 қазан 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко БАҚ-тарда жарияланған "Солтүстік Корея зымсыран қозғалтқыштарын украиналық "Южмаш" кәсіпорнынан алған болуы мүмкін" деген ақпаратты "шұғыл, тыңғылықты және толық тексеруге" тапсырма берді. Порошенко 16 тамызда Facebook-те тергеуді Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы басқаратынын жазды.

Тергеу әскери-техникалық ынтымақтастық және экспортты бақылау жөніндегі ведомствоаралық комиссия негізінде жүргізіледі және оған "Южмаш" мемлекеттік зымыран өндірісі кәсіпорны да қатысады. Порошенко тергеу қорытындысы туралы өзіне үш күнде есеп беруді талап етті.

14 тамызда New York Times басылымы америкалық арнайы қызметтің есебіне сүйене отырып, "Солтүстік Корея АҚШ территориясына дейін жетеді деген құрлықаралық баллистикалық зымырандарына қуатты қозғалтқышты бәлкім украиналық зауыттан көлеңкелі нарық арқылы алған болуы мүмкін" екенін жазған.

Украина билігінің өкілдері өз елдерінің Солтүстік Кореяға зымыран қозғалтқыштарын сатуға қатысы барын терістеген.

XS
SM
MD
LG