Ирандық оппозициялық қайраткер, алты жылдан астам уақыт Мехди Карруби аштық жариялады деп хабарлады оппозиционердің туыстары.
Каррубидің ұлы Мохаммад Таги Карруби 79 жастағы діни қайраткердің өзін қамауда ұстауға қарсылық ретінде 16 тамыз күні таңертеңнен бері нәр татпағанын айтты.
Каррубидің әйелі Фатима Карруби оппозициялық Sahamnews сайтына күйеуінің өзін күзетуге қойылған қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің үйінен кетуін талап етіп жатқанын айтты. Фатима Карруби бірақ күйеуі дәрі ішіп жатқанын айтады.
Мехди Карруби 2011 жылдың ақпанында 2009 жылы өткен президент сайлауының даулы нәтижелеріне қарсылық білдірмек болған соң және адам құқығының бұзылғанын жариялағаны үшін оппозиция жетекшісі Мир-Хоссейн Мусавимен және оның әйелі Зара Рахнавардпен бірге үйқамаққа алынған.
Соңғы екі аптада Карруби жүрегі ауырып, екі рет ауруханаға түскен.