Accessibility links

Вице-министр: Ең көп үй Астана мен Алматыда салынып жатыр


"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова, индустрия және даму вице-министрі Роман Скляр. Астана, 17 тамыз 2017 жыл.
"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова, индустрия және даму вице-министрі Роман Скляр. Астана, 17 тамыз 2017 жыл.

Қазақстанда 2017 жылдың жеті айында жалпы көлемі 6,2 миллион шаршы метр (54 мың пәтер және жеке үй) көлеміндегі баспана салынып, пайдалануға берілген. Бұл туралы бейсенбіде Астанада мемлекеттік "Нұрлы жер" құрылыс бағдарламасын іске асыру жөніндегі жиында индустрия және даму вице-министрі Роман Скляр айтты. Оның сөзінше, ең көп баспана салынған қалалар Астана (1 миллион 680,2 мың шаршы мерт), Алматы (981,6 шаршы метр) қалалары және Маңғыстау облысы (592,7 мың шаршы метр) мен Оңтүстік Қазақстан облысы (348,9 мың шаршы метр).

Ресми мәлімет бойынша, 15 өңірде пайдалануға берілген үй саны біршама ұлғайған. Мұнда Маңғыстау, Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында пайдалануға берілген жеке жер үй саны басым.

Скляр жиында бағдарлама бойынша жеке құрылыс компанияларының екінші деңгейлі банктерден алған субсидияға салған пәтерлерін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшыларына сатылатынын да айтты. Оның сөзінше, мұндай жолмен салынған үйлер "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымшыларына Астана мен Алматы қалаларында шаршы метрі үшін 260 мың теңгеге дейінгі бағамен сатылады.

Жиынға "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова да қатысты. Азаттық тілшісі оған Астанада тұратын салт басты адам пәтер алу үшін айлық табысы қанша болуы тиіс екенін сұрады. Ибрагимова Астанада бір бөлмелі пәтер алғысы келетін адамның табысы айына 140-150 мың теңге болуы керек және ай сайын 40 мың теңгеден жинап отыруы шарт" екенін айтты.

- Әрине, ол үшін барлығынан үнемдеу керек болады. Ешқандай кафе, мейрамхана, я сауық деген болмайды. Я пәтер, я ойын-сауық. Егер ол депозитке 12 ай бойы айына максималды сома - 40 мың теңгеден салып отырса, 480 мың теңге жинайды. Оған 98 мың теңге мемлекеттің сыйақысы қосылады. Тағы екі пайызды банк береді. Бір жылда барлығы 600 мың, үш жылда 1,8 миллион теңге жинайды, - деді Ләззат Ибрагимова.

XS
SM
MD
LG