Accessibility links

"Қырғызстанда президент сайлауына түсуден үміткер 46 адам қырғыз тілінен емтихан тапсырып, оның 41-і сынақтан өткені туралы сертификат алды" деп хабарлайды мемлекеттік тіл жөніндегі Қырғызстанның ұлттық комиссиясы.

Осы аптада Орталық сайлау комиссиясы "Республика – Ата Журт" партиясының лидері, елдің бұрынғы премьер-министрі Омурбек Бабановқа кандидат ретінде тіркеген. Мұның алдында бірінші болып "Ақ Шумкар" партиясының лидері Темір Сариев ресми кандидат атанған. Ол да бұрын елдің үкімет басшысы болған.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді. Президент болуға 59 адам өтініш түсірген.

"Ата Мекен" партиясының лидері, оппозициялық саясаткер Омурбек Текебаев тіл емтиханын тапсырмады. Сәрсенбі күні сот оған коррупция ісі бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарған. Саясаткер өзіне тағылған айыптардың саяси астары бар деп біледі. Текебаевтың жақтастары оны сайлауға қатыстырмас үшін түрмеге отырғызды дейді.

XS
SM
MD
LG