Accessibility links

Саакашвили: Қыркүйекте Украинаға ораламын


Михаил Саакашвили, Грузияның бұрынғы президенті.
Михаил Саакашвили, Грузияның бұрынғы президенті.

Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили қыркүйек айында Киевке оралатынын мәлімдеді. Ол биыл биыл шілдеде Украина азаматтығынан айырылған болатын.

"Мен Украинаға ораламын. 10 қыркүйекте Польшадан Краковец (Львов облысы) бақылау-өткізу бекеті арқылы келемін" деді ол 16 тамызда Facebook арқылы жүргізген тікелей эфирде.

Украина президенті Петр Порошенко 26 шілдеде Саакашвилиді Украина азаматтығынан айырған. Грузияның бұрынғы президенті мұны Порошенко өзін "заңсыз саяси сахнадан тайдырғысы келді" деп қабылдады.

Саакашвили 2003 жылы "раушан революциясынан" кейін Грузия билігіне келді. Ол 2015 жылы Украина азаматтығын алып, Одесса облысының губернаторы болғаннан кейін, Грузия азаматтығынан айырылды. Бірақ Саакашвили 2016 жылдың қараша айында отставкаға кетті. Оның айтуынша, Украина билігінің өзі коррупциямен күресуге кедергі келтіріп келеді.

XS
SM
MD
LG