Accessibility links

Украиналық хакер АҚШ-тағы кибершабуыл бойынша тергелген


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Украиналық хакер былтыр АҚШ-тың Демократиялық партиясына жасалған кибер шабуылға байланысты тергеуде куәлік берген деп жазады New York Times газеті.

Украиналық бағдарламашы демократтар серверінің шабуылға ұшырағанын бірінші болып көрген. Бірақ әзірге америка билігіне оның қандай ақпарат бергені белгісіз.

Хакер Profexer никі арқылы жұмыс істеген. Тергеу мәліметі бойынша, ол сайлауалды науқаны кезінде Демократиялық партияның серверіне зиян келтіретін бағдарлама енгізген. Бірақ өзі оны пайдаланбаған. New York Times келтірген ақпаратқа қарағанда, бағдарламашы қазір Украинада. Америка билігі әзірге оны беруді талап етпеді. Себебі АҚШ-тың ққолында хакердің бұл бағдарламаны қандай мақсатта қолданбақ болғаны жөнінде нақты дәлел жоқ.

АҚШ арнайы қызметі Демократиялық партияның серверін Fancy Bear тобы бұзды деп есептейді. Олардың мәліметінше, бұл хакерлердің Ресей қорғаныс министрлігімен байланысы бар. Қаңтар айында АҚШ барлау қызметі Ресей президенті Владимир Путин "хакерлік шабуылға тікелей тапсырма бергенін" мәлімдеген. Вашингтон "Путин осылайша сайлауалды кампаниясына кедергі келтіріп, Дональд Трамптың жеңіске жетуіне көмектеспек болған" дейді.

Мәскеу бұл айыптаулардың бәрін жоққа шығарып, АҚШ-тағы сайлауға еш қатысы жоғын айтады.

XS
SM
MD
LG