Accessibility links

Америкалық неонацистік сайтты Роскомнадзор бұғаттатқан


Шарлотсвилдегі ақ нәсілділердің артықшылығын жақтайтындардың акциясы. Вирджиния, АҚШ, 11 тамыз 2017 жыл.

Американский неонацистік сайт, бұған дейін ресейлік доменге ие болған The Daily Stormer "экстремистік мазмұны" үшін Роскомнадзор мекемесінің талабы бойынша бұғатталды. Бұл жайында Азаттыққа провайдер Ru-Center компаниясының өкілі хабарлады.

Компания 17 тамызда Роскомнадзордан ресми хат алғанын, онда Dailystormer.ru сайтын бұғаттау мүмкіндіктерін қарастыру талап етілгенін айтады.

Бұған дейн The Daily Stormer ресурсы интернетте қысқа уақыт ресейлік доменмен шыққан соң қайтадан ашылмай қалғаны хабарланған болатын.

Веб-сайт Шарлотсвилде ақ нәсілділердің артықшылығын жақтайтындар мен олардың қарсыластарының жиынында болған қақтығыста қаза тапқан әйел туралы жазба жариялаған соң әлеуметтік желілерде сайтқа қарсы кампания басталған. Домен тіркейтін Google және GoDaddy бұған жауап ретінде веб-сайтқа қызмет етуден бас тартқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG