Accessibility links

Ресей "Иегова куәгерлерін" тыйым салынған ұйымдар тізіміне қосты


"Иегова куәгерлері" діни ұйымының өкілдері (Көрнекі сурет).

Ресей әділет министрлігі "Иегова куәгерлері" діни бірлестігін Ресей территориясында тыйым салынған және жойылуы тиіс ұйымдар тізіміне қосты. Министрліктің ресми хабарламасында мұндай шешім экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл туралы заңды іске асыру деп түсіндірілген.

Әділет министрлігі тыйым "Иегова куәгерлерінің басқару орталығы" ұйымына және оның құрылымына енетін аймақтық 395 бөліміне бірдей салынғанын айтады.

17 шілдеде Ресей Жоғарғы соты "Иегова куәгерлерін" экстремистік деп танып, ел аумағындағы қызметіне тыйым салған қаулыны бекіткен. Сот шешімі күшіне енген. "Иегова куәгерлері" Ресейде 170 мыңға тарта жақтасы барын айтады.

Ресейдің бірқатар қаласында "Иегова куәгерлерінің" сот тыйымына қарамастан қызметін жалғастырып жатқаны және "ұйымға жаңа адам тартып жатқанына" байланысты ендігі қылмыстық іс қозғалған.

Қазақстанда "Иегова куәгерлері" діни бірлестігі сот қудалауына ұшыраған. Осы айдың басында Алматы қалалық әкімшілік соты "Иегова куәгерлерінің христиан орталығы" діни ұйымының қызметін үш айға тоқтатқан. Әкімшілік сот "Иегова куәгерлерінің христиандық орталығы" орналасқан ғимаратты қауіпсіздік шарттарына сәйкес емес деп танып 680 мың теңге айыппұл салған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG