Accessibility links

Барселонада шабуыл құрбандары саны 13-ке жетті


Барселонадағы шабуыл орны. Испания, 17 тамыз 2017 жыл.
Барселонадағы шабуыл орны. Испания, 17 тамыз 2017 жыл.

Испания билігі Барселонадағы шабуылдан қаза тапқандар саны 13 адамға жетіп, жараланғандар саны жүзден асқанын хабарлады. 17 тамызда шағын жүк көлігі Барселона орталығындағы туристер көп баратын Пласа-де-Каталунья алаңында көпшілікті соғып, басып өткен. Полиция бұл оқиғаны террорлық шабуыл деп сипаттады.

Жергілікті билік шабуыл жасаған екі адамды ұстағанын мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп терактіні айыптайтынын, Испанияға көмек көрсетуге әзір екенін мәлімдеді. Германия, Ұлыбритания, Ресей, Франция елдерінің басшылары да Испания халқына көңіл айтты.

Соңғы жылдары террорлық ұйымдар халық көп жүретін жерлерді көлікпен басып өту тәсілдерін жиі қолдана бастаған. Дәл осындай шабуылдар бір жыл ішінде Еуропаның Ницце, Берлин, Лондон және Стокгольм қалаларында жасалып, жүзден асам адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG