Accessibility links

Испан полициясы "шабуыл жоспарлаған" бірнеше адамның көзін жойды


Барселона көшесінде тұрған Каталония аймақтық полиция қызметкерлері. Испания, 17 тамыз 2017 жыл.
Барселона көшесінде тұрған Каталония аймақтық полиция қызметкерлері. Испания, 17 тамыз 2017 жыл.

Испания полициясы Барселонадағы террорлық шабуылды ұйымдастырушылар мен орындаушыларды анықтау операциясы кезінде төрт күдіктінің көзін жойды.

Каталония аймақтық полиция басқармасы өкілінің 18 тамыз күні таңертең хабарлауынша, операция Барселонадан шығысқа қарай 100 километрдегі курортты Камбрильс қаласында жүргізілген. Жергілікті телеарнаның ақпаратына қарағанда, полиция Барселонадағы шабуылдан бірнеше сағаттан соң Камбрильсте террорлық шабуыл жасауды жоспарлады делінген төрт адамның көзін жойып, біреуін жаралаған.

Полиция жергілікті тұрғындар мен туристерді үйлерінен шықпауға шақырып жатыр.

17 тамызда Барселонаның орталығындағы туристер көп баратын Пласа-де-Каталунья алаңында шағын жүк көлігі көпшілікті соғып, басып өткен. Соңғы мәлімет бойынша, шабуылдан 13 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланған. Полиция оқиғаны террорлық шабуыл деп сипаттайды.

XS
SM
MD
LG