Accessibility links

Трамп ескерткіштерді жоюға қарсы шықты


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка қалаларындағы ескерткіштерді жоюға қарсы шықты. Ол Twitter-де тарихты өзгертуге болмайтынын, керісінше оны зерттеу керегін жазды. Трамп қалалар мен парктерден мүсіндер мен ескерткіштерді алып тастау - елді өзінің тарихы мен мәдениетінен айыру деп білетінін жеткізді.

Трамп бұған дейін өзінің 12 тамызда Шарлотсвилде ақ нәсілді ұлтшылдар мен олардың қарсыластарының қақтығысына қатысты ұстанымын айыптаған республикашыл сенаторлар мен БАҚ-ты айыптаған. Қақтығыс жергілікті биліктің АҚШ-тағы Азамат соғысы кезіндегі Конфедерация күштерінің генералы Роберт Лидің ескерткішін сүру жоспарына қарсылықтан шыққан.

Дональд Трамп сенатор Линдси Грэмнің комментариін "тұрпайы жалғандық" деп атады. Сенатор Трамптың қақтығысқа екі тарап та кінәлі деген сөзі "ақ нәсілділердің артықшылығын жақтаушылар мен олардың қарсыластарын "теңестіретінін" айтқан. Трамп сенатор Джефф Флейктің ақ нәсілділердің әсіре оңшылдығын ашық жақтауға шақыруына Флейктің сенатта айтарлықтай ықпалы жоғын және " тек зиянды" екенін жазды.

Бірер күн бұрын АҚШ президенті Ақ үйдегі екі бизнес кеңесті таратып жіберген. Мұның алдында бизнес кеңестің бірнеше белгілі өкілі Трамптың Шарлотсвилдегі қақтығыс туралы мәлімдемесін айыптап, оның құрамынан шығып кеткен болатын.

16 тамызда Шарлотсвилдегі генерал Роберт Лидің ескерткішін құлатуға қарсы әсіре оңшылдар мен олардың қарсыластарының арасындағы қақтығыста қаза тапқан 32 жастағы әйел Хизер Хейермен қоштасу және жерлеу рәсіміне мыңдаған адам жиналған.

ВИДЕО: Шарлотсвилде болған жағдай (15.08.2017)

Шарлотсвилл неге дүрлікті?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:09 0:00

XS
SM
MD
LG