Accessibility links

Навальный қоры Песковтың ұлы туралы зерттеуін жариялады


Дмитрий Песков, Ресей президентінің баспасөз хатшысы.
Дмитрий Песков, Ресей президентінің баспасөз хатшысы.

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный басқаратын Коррупциямен күрес қоры (ККҚ) Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың ұлына тиесілі делінетін мүліктер туралы зерттеуін жариялады.

Зерттеу авторлары Песковтың алғашқы әйелінен туған ұлы, бірнеше жыл бұрын Ұлыбританиядан Ресейге оралған Николай Чоулздың Instagram-дағы суреттерінің топтамасын келтірген. Топтамада Чоулздың Tesla, Range Rover, Ferrari сияқты қымбат маркалы көліктермен жүргені көрінеді.

Зерттеуде Чоулздың Мәскеудің ортасында құны 30 миллион рубльге дейін жететін пәтері бары және жеке ұшақпен жүретіні айтылған. Бірақ Песковтың ұлы еш жерде жұмыс істемейді. Мұны ККҚ қызметкерімен телефонда сөйлескен Чоулз растаған.

Зерттеуде сонымен қатар британ заң органдарына сілтеме жасалып, Чоулздың Ұлыбританияда болғанда жасөспірім мен қызға соқтығып, 2009 жылы онысы үшін сотталып, бір жылдай түрмеде отырғаны айтылады.

Ресейде де Чоулзға әжесіне шабуылдағаны үшін қылмыстық іс қозғалған. Кейін іс жабылған. ККҚ Песковтың ұлы алимент төлемейтінін және жүзден астам мәрте жол ережесін бұзғанын айтады.

Николай Чоулз ККҚ тергеуін "арандату" және "сұмдық" деп атады. "Бұл жай ғана әлдебір шатасу" деп мәлімдеді ол ККҚ-ға комментариінде.

Алексей Навальныйдың қоры Дмитрий Песковты коррупцияға қатысы бар деп бірнеше рет айыптап, оның "қымбат жылжымайтын мүлкі, қымбат сағаты мен басқа да мүліктері туралы" зерттеуін жариялаған. Песков өзіне қатысты айыпты жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG