Accessibility links

Иран сотталған АҚШ студентінің шағымын қабылдамады


АҚШ азаматы Сиюэ Ван отбасымен бірге.
АҚШ азаматы Сиюэ Ван отбасымен бірге.

Иран билігі Принстон университетінің докторанты, АҚШ-тың пайдасына тыңшылық жасады деп айыпталып, 10 жылға сотталған Сиюэ Ванның апелляциялық шағымын қабылдамай тастады. АҚШ азаматы, Еуразия тарихын зерттеп жүрген Сиюэ Ван өткен жылы Иранда диссиертациясына зерттеу жүргізген. Оны Иран билігі тұтқындап, "зерттеу жүргізген болып, тыңшылық жасады" деп айыптаған. Ванның отбасы мен университет оған тағылған айыпты жоққа шығарады.

"Оның ешқандай да үкіметпен немесе барлау қызметімен байланысы жоқ. Біз оның апелляциялық шағымы қабылданбағанына және оның ойдан шығарылған айып бойынша қамауда отыра беретініне алаңдаймыз" делінген университет таратқан мәлімдемеде.

Ванның басындағы жағдай АҚШ президенті әкімшілігі Иранға қатысты қатаң саясат ұстана бастаған тұста өрбіп отыр. Ақ үй өткен айда президент Дональд Трамп "Иранда әділетсіз түрде сотталған барлық америкалықтар босатылып, еліне қайтарылмаса Иранға салдары ауыр шара қабылдауға дайын екенін" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG