Accessibility links

Жарымбетов сотта Мамайға "ақша бергенін" мәлімдеді


БТА Банктің басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов журналист Жанболат Мамайдың сотында сөйлеп тұр. Алматы, 18 тамыз 2017 жыл.

"Трибуна. Саяси қалам" газетінің бас редакторы Жанболат Мамайдың ісі бойынша сотта БТА Банктің басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов куәгер ретінде тергеліп жатыр.

Маусымда Алматы соты Жақсылық Жарымбетовті БТА Банктің бұрынғы басшысы, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің ісі бойынша шартты мерзімге соттаған. Қаңтарда Жарымбетов Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланған.

Сотта сөйлеген Жарымбетов қаржыны Мамайға жібергенін мәлімдеді. Оның сөзінше, өзін Мамаймен 2011 жылы Әблязов Skype арқылы таныстырған. Жарымбетов "елге тәуелсіз БАҚ керек" деп санағандықтан Мамайға көмектескенін айтты.

Жұмада сотта Жарымбетовтен бұрын жәбірленуші тараптың өкілі ретінде БТА Банктің қызметкері сөйлеген. Бірақ адвокаттар оны "сотқа тыңғылықты дайын емес" деп мәлімдеп, куәгерден жауап алу кейінге қалдырылған.

Тергеу ұйғарымынша, Мамайдың шетелде тұратын Мұхтар Әблязов "жымқырған" қаржыны жылыстатуға қатысы бар. Мамай Әблязовпен қандай да бір байланысы барын жоққа шығарады және айыптың саяси астары бар дейді.

Мұхтар Әблязов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басты саяси қарсыласы саналады және оны Қазақстан, Ресей, Украина миллиардтаған боллар қаржыны жымқырған деп айыптайды. Әблязов өзіне тағылған айыпты терістеп, оны "саяси мүддеден шыққан" деп атайды.

Жанболат Мамайдың сотынан трансляция:

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG