Accessibility links

Ресей мен Қытай: Пхеньянмен әскери қақтығысқа жол бермеу керек


Джеймс Мэттис, АҚШ қорғаныс министрі.

Ресей мен Қытай АҚШ-ты Солтүстік Кореяға қарсы әскери қимыл жасамауға шақырып, Вашингтон мен Пхеньянның бір-біріне доқ көрсетуі "қайта қайырылмас шектен шығып кетуі мүмкін" меп мәлімдеді.

Мәскеу мен Пекин бұл жайында америкалық жоғары шенді шенеуніктер кезекті рет Солтүстік Кореяның ядролық қару жасау бағдарламасын тоқтату жөніндегі келіссөз іске аспаған жағдайда қолданатын "тәсілдерін дайындағанын" мәлімдеген соң айтып отыр. "Егер Солтүстік Корея әскери әрекет бастайтын болса оның әскери салдары орасан зор болады" деген АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис.

АҚШ президенті Дональд Трамп өткен аптада Солтүстік Корея АҚШ-қа қоқан-лоқы көрсете берсе "отты қаһарға ұшырайтынын" ескерткен. Пхеньян бұған дейін Гуам аралындағы америкалық әскери базаға зымыранмен соққы беруді ойластырып жатқанын мәлімдеген.

Пхеньян мен Вашингтонның бір-біріне бұлай доқ көрсетуі Мәскеу мен Пекиннің алаңдаушылығын тудырған. "Корей түбегіндегі проблеманы күшпен шешудің кез-келген әрекеті үлкен қайғыға және адам шығынына әкеліп соқтырады" деп мәлімдеді Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова. Ол мәселені бейбіт реттеуден басқа жол жоғын айтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG