Accessibility links

Шабуылда зардап шеккен қазақстандықтар бары анықталып жатыр


Барселонадағы шабуыл орны. Испания, 17 тамыз 2017 жыл.
Барселонадағы шабуыл орны. Испания, 17 тамыз 2017 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов "Барселонадағы Рамбла бульварында болған террорлық шабуылдан зардап шеккендер арасында алдын ала мәліметтер бойынша Қазақстан азаматтары жоқ" деп жазды жұмада Facebook-те.

"Бұл алдын ала мәлімет. Қазақстанның Барселонадағы консулдығы жергілікті полициямен тығыз байланыс орнатқан және қажетті мәліметтерді анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

17 тамыз күні кешке Барселонаның орталығындағы туристер көп баратын алаңда шағын жүк көлігі адамдарды соғып өткен. Шабуылдан 13 адам қаза тауып, 100-ден астам ажараланған. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылдан 18 мемлекеттің азаматтары зардап шеккен.

Шабуылға жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алды. 18 шабуылға қараған түні Камбрильс қаласында да шабуыл жасалып, күдікті бес адамның көзі жойылған. Испания полициясының мәліметінше, Барселона мен Камбрильстегі шабуылдарға қатысы бар деген үш күдікті ұсталған.

XS
SM
MD
LG