Accessibility links

Депутат: Қырғызстан премьерінің өкілеттігі тоқтайды


Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан премьер-министрі.
Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан премьер-министрі.

"Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков 21 тамызда отставкаға кетеді" деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясына Қырғызстан социал-демократиялық партиясы (СДП) фракциясының депутаты Рыскелді Момбеков.

Оның сөзінше, бұл күні үкімет отырысы болады және сол жерде премьердің отставкаға кететінң ресми түрде жарияланбақ.

Жээнбеков СДП атынан 15 қазанда өтетін президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылған. Сайлау туралы заң бойынша, енді оның премьер ретіндегі өкілеттігі тоқтатылуы тиіс.

Бұған дейін интернетте 21 тамызда Сооронбай Жээнбеков қызметінен босаған соң Жогорку Кенештің сессиясы өтетіні және онда премьер-министр қызметіне президент аппаратының басшысы Сапар Исаков ұсынылатыны туралы ақпарат тараған.

XS
SM
MD
LG